Семейлік студент әлемдік додада жүлдегер атанды

Семей қаласындағы Электротехникалық колледждің студенті Руслан Нестеренко кәсіби шеберліктен өткен WorldSkills Shanghai 2026 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Абай облысының намысын қорғаған студент «Беспилотты авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша сынға түсіп, үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Биылғы чемпионатта аталған құзыреттілік әлемдік дода бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Қатысушыларға дрондарды құрастыру, ұшу контроллерлерін бағдарламалау, сенсорларды баптау және жоғары дәлдікпен пилоттау бойынша тапсырмалар берілді.
WorldSkills Shanghai 2026 чемпионатында Қазақстан құрамасы 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студентімен қатысты. Нәтижесінде ұлттық құрама қоржынына сегіз жүлде түсті. Оның ішінде «Беспилотты авиациялық жүйелер» бағытындағы жалғыз қола медальді Абай облысының өкілі Руслан Нестеренко иеленді.
Сонымен қатар қазақстандық қатысушылар кәсіби шеберлігі үшін алты медаль және «Best of Nation» арнайы марапатына ие болды.


