Басты жаңалық

Бруцеллезге тосқауыл

Абай облысында ветеринариялық қызмет мамандары эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев мәлімдеді.

Басқарма дерегінше, өңірде 780 мыңнан астам ірі қара, 1,3 миллион ұсақ мал және 400 мыңнан аса жылқы бар. 2025 жылға арналған жоспарға сәйкес, 7,5 миллионға жуық ветеринариялық іс-шара және 2 миллионнан астам зерттеу жүргізу көзделген.

Жыл басынан бері 1,9 миллион мал бруцеллезге тексеріліп, ауру белгілері анықталғандары санитарлық сойысқа жіберілген. Облыста бруцеллездің бір ошағы тіркеліп, толық сауықтырылған. Сонымен қатар, қарасан мен құтыру деректері тіркелген 5 ошақтың екеуі жойылып, қалғандарында сауықтыру шаралары жалғасуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button