Басты жаңалық

Абай облысында «Мен және Заң» форумы өтті

Семей қаласында «Мен және Заң» атты форум ұйымдастырылып, оған Абай облысының әкімі Берік Уәли, облыс прокуроры Ерлан Абаев және Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева бейнережимде қатысты.

Аймақ басшысы форумның қоғамдағы заң үстемдігін нығайтуға, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және жауапты азамат тәрбиелеуге ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ өңірде балалардың құқықтарын қорғау бағытында арнайы басқарма құру жұмыстары басталғанын жеткізді. Форум барысында облыс әкімдігі, облыстық прокуратура және бала құқықтары жөніндегі уәкіл арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

Жиында құқық қорғау органдарының өкілдері балалардың құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында өңірде психологиялық қолдау жүйесі күшейтіліп, әдістемелік орталық арқылы мыңнан астам өтініш қаралған. Алдағы уақытта мектептерде буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған қосымша сабақтар енгізіледі.

Сонымен қатар, 2024 жылдан бері іске асып келе жатқан «Мейірім» акциясы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға бағытталған. Қазіргі таңда өңірде 222 бала түрлі мекеме ұжымдарына бекітіліп, әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

Дереккөз: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button