Басты жаңалық

Көргені көптің айтары да көп

Абай облысы ардагерлер ұйымының II есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, «Ардагерлер ұйымы» орталық кеңесі төрағасының орынбасары Абай Тасболатов және өңірлік ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Алин қатысты.


Өңірдегі ардагерлер ұйымы бүгінде 130 мыңнан астам зейнеткерді біріктіреді. Оның құрамында 395 бастауыш ұйым, 2 қалалық және 10 аудандық кеңес жұмыс істейді.


Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі ардагерлердің қоғамдағы рөліне тоқталып, олардың ел бірлігі мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.


Конференция барысында өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар ардагер «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ орталық кеңес атынан «Құрмет» төсбелгілері табысталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button