Басты жаңалық

«Таза Қазақстан» бастамасына 7 млн-нан астам адам қатысты

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына биыл 7 млн-нан астам азамат қатысты. Бастама аясында елді мекендерде 7 млн-нан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қорында 1 млрд-тан астам тұқым мен көшет отырғызылған. Алты жылда жалпы 18,1 млн ағаш егілген.

Сондай-ақ санитарлық тазалық жұмыстары барысында 9 мыңнан астам заңсыз қоқыс орны жойылып, 3,8 млн тоннаға жуық қоқыс жиналған. 265 балабақшада «Жасыл балабақша» бағдарламасы енгізіліп, мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық тақырыптағы сынып сағаты өткізілген.

«Таза Қазақстан» бастамасы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, аумақтарды абаттандыру және қалдықтарды басқару жүйесін дамытуға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button