Басты жаңалық

Семейде жылыту маусымы басталғалы 400-ге жуық түтін датчигі орнатылды

Screenshot

Семей қаласында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы басталғалы жеке тұрғын үйлерге 400-ге жуық түтін датчигі орнатылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Семей қаласының әкімдігі Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Негізгі мақсат – тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу және иіс газынан улану қаупін азайту.

Мамандар жылыту маусымында, әсіресе, пешпен жылытылатын жеке үйлерде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Ол үшін:

  • мұржалар мен пеш құбырларын күйеден уақтылы тазалау;
  • түтін датчиктерін орнату;
  • жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмау;
  • балалардың қауіпсіздігін қадағалау қажет.

Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау өрттің алдын алуға, адам өмірі мен мүлкін қорғауға көмектеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button