Басты жаңалық

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру жеңілдеді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметі тағы бір қадамға жеңілдеді. Енді мерзімі өтіп кеткен құжатты да онлайн форматта жаңартуға мүмкіндік бар. Жаңашылдық сәуір айынан бастап eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы қолжетімді болады.

Бұған дейін онлайн қызмет тек жарамды куәлік болған жағдайда немесе құжат жоғалған, ұрланған, не аты-жөні өзгерген кезде ғана көрсетілетін. Енді бұл мүмкіндік мерзімі өткен жүргізуші куәліктерін де қамтып отыр. Бұл азаматтарға уақыт үнемдеп, қызметті қашықтан алуға жол ашады.

Онлайн рәсімдеу үшін пайдаланушы порталға кіріп, тиісті бөлім арқылы өтінім береді. Қажетті қадамдар қатарында фотосурет жүктеу, қолтаңба үлгісін енгізу, байланыс нөмірін көрсету және мемлекеттік баж салығын төлеу бар. Төлем мөлшері – 1,25 АЕК.

Өтінім нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде көрсетіледі. Дайын құжатты өтінімде таңдалған ХҚКО-дан жеке куәлікті көрсету арқылы алуға болады.

Мамандардың айтуынша, бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жетілдіріп, халыққа қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button