Өңір экономикасы өсім көрсетті

Абай облысының әкімі Берік Уәли Үкімет отырысында өңірдің 2025 жылғы экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.
Әкімнің айтуынша, есепті кезеңде облыстың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 101%-ды құрады. Ұлттық даму жоспарына сәйкес жылдық жоспар 103,6% деңгейінде орындалды. Негізгі өсім көлік, байланыс саласында, ішкі саудада, өңдеу өнеркәсібінде, құрылыста, ауыл шаруашылығында бақайлады.
Облыс экономикасына 495,2 млрд теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 104,6% болды. Оның ішінде жеке инвестициялар көлемі 355 млрд теңгені құрады.
Өңірге инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері инвестициялық жобалардың саны 29-дан 98-ге дейін артты. Ал тартылатын инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Қазіргі таңда 16,1 млрд теңгеге 10 жоба іске асырылып, 228 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жыл соңына дейін құны 14,2 млрд теңге болатын тағы 4 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Бұл жобалар аясында 280 жұмыс орнын құру көзделген.



