Басты жаңалық

Алкоголь тек 20:00-ге дейін: Мәжілісте жаңа шектеулер ұсынылды

Мәжіліс отырысында депутат Магеррам Магеррамов елдегі ауыр қылмыстардың басым бөлігі алкогольдік масаң күйде жасалатынын айтты. Ол Ішкі істер министрлігінің деректеріне сүйеніп, мұндай құқықбұзушылықтарға кәмелетке толмағандардың да жиі тартылып отырғанын атап өтті.

Депутат қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету және жастардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында алкоголь өнімдерін сатуға қатысты жаңа шектеулер енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, дүкендерде алкоголь сатуды кешкі 20:00-ден кейін, ал кафе, бар және мейрамханаларда 22:00-ден соң тоқтату қажет.

Сонымен қатар алкоголь өнімдеріне цифрлық таңбалау енгізу, сатуды тек арнайы белгіленген орындарда ғана жүзеге асыру және мұндай сауда нүктелерінің санын шектеу ұсынылды. Бұған қоса, алкогольді онлайн сату толықтай тыйым салынуы мүмкін.

Депутаттың пікірінше, бұл шаралар алкоголь айналымын бақылауды күшейтіп, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ұсыныстар жауапты мемлекеттік органдар тарапынан қаралуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button