Басты жаңалық

Өңірде жастармен жұмыс жүйесі күшейді

Былтыр Абай облысында жастармен жұмыс жүйесін дамыту мақсатында жаңа басқарма құрылды. Жастар ісімен айналысатын бұл басқармаға 14 штат бірлігі бөлінді. Сонымен қатар жастар саласына бағытталатын қаржы көлемі екі есеге артты.

Қазіргі таңда облыста 13 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Олардың 9-ына басшылар тағайындалған.

Жалпы жастармен жұмыс саласына 152 штат қарастырылған. Бүгінде оның 119-ы толықтырылған. Жастармен тікелей жұмыс жүргізетін мамандар саны 57 адам, бұл жалпы қызметкерлердің шамамен 48% құрайды.

Қазіргі уақытта салада 33 бос жұмыс орны бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button