Басты жаңалық
Семейлік зияткерлер Дәулет Мұқаевпен кездесті

Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мен мұғалімдер ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономист Дәулет Мұқаевпен кездесті. Жиын «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Алдымен қонақ мектеп өмірімен танысып, оқушылар дайындаған ғылыми жобаларды көрді. Зияткерлер өз жұмысын таныстырып, жетістіктері туралы айтып берді.

Кездесу барысында Дәулет Мұқаев жастарға білім алып, еңбекқор болудың маңызын айтып, болашаққа сеніммен қадам басуға шақырды. Оқушылар да өз сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.

Шара соңында қонаққа құрмет көрсетіліп, оқушылар салған портрет естелікке сыйға тартылды.



