Басты жаңалық

Жеңілдетілген декларацияны 1,2 млн кәсіпкер таңдады

Еліміздегі бірқатар кәсіпкер жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін таңдауда. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, 1,2 миллионнан астам кәсіпкер осы режим бойынша жұмыс істейді. Ол шағын және орта бизнес үшін ең қолайлы жүйелердің бірі саналады. Жеңілдетілген декларация жылдық табысы 600 мың АЕК-ке дейін (шамамен 2,6 млрд теңге) болатын кәсіпкерлерге арналған.

Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған арнаулы режимді 346 мың адам пайдаланып отыр. Оның ішінде 265 мың адам алғаш рет тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгерістер азаматтардың «көлеңкелі» экономикадан шығып, ресми түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік берді.

Аталған режим айына 300 АЕК-ке дейін (шамамен 1,3 млн теңге) табыс табатын азаматтарға арналған. Олардың қатарында платформалар арқылы жұмыс істейтіндер және жалдамалы қызметкерсіз қызмет көрсететін адамдар бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button