Басты жаңалық
Тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өз мәресіне жетті

Семей қаласында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионаттың марапаттау рәсімі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталды.

Іс-шараға Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Жарқын Түсіпбекұлы және Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бахыт Әсенғазыұлы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға медальдар мен дипломдар табыстады.

Чемпионат өңірде ұлттық спорт түрін дамытуға және жастардың зияткерлік спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталды.


