Басты жаңалық
Инфрақұрылым сапасы тексерілді

Семей қаласының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында қала әкімінің орынбасары Ержан Хамитұлы көшпелі кеңес өткізді. Бұл жұмыс қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының тапсырмасымен ұйымдастырылды.
Қала аралау барысында жылы аялдамалар, дүңгіршектер мен сауда нысандарының жағдайы тексерілді.
– Қалаға келген адам алдымен тазалық пен тәртіпке мән береді. Семейдің әдемі әрі жайлы болуы күнделікті еңбектің нәтижесі, – деді Ержан Хамитұлы.
Көшпелі кеңесте бірыңғай сәулеттік стильдегі павильондар орнату мәселесі көтерілді.
Қала тазалығы мен тәртібін сақтау үшін рейдтік шаралар тұрақты жүргізілмек.



