Басты жаңалық

Көкпектіден – Азия аренасына

Астана қаласында өткен «Astana First & Drones Championship 2026» республикалық робототехника чемпионаты мәресіне жетті.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас өнертапқыштар қатысып, инженерлік ойлау мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Аталған чемпионатта Абай облысы, Көкпекті ауданындағы «Шуақты шұғыла» балабақшасының тәрбиеленушілері ерекше нәтижеге қол жеткізді. «Толағай» археологиялық командасының құрамындағы 4–6 жас аралығындағы бүлдіршіндер FLL Discover санаты бойынша жоғары көрсеткіш тіркеп, қазылар алқасының оң бағасына ие болды.

Жас қатысушылар робототехникалық жобаларын сәтті таныстырып, Орта Азия елдері қатысатын халықаралық чемпионатқа жолдама алды. Бұл – өңірде балаларды ерте жастан ғылым мен технологияға баулудың нақты жемісі.

Алдағы 12 ақпанда өтетін халықаралық жарыста көкпектілік бүлдіршіндер Қазақстан намысын қорғайды. Оларды дайындаған жетекшілер – Бақытбек Нұрлыбекұлы, Айсұлу Сұңғатқызы, Гүлжанат Қанағатовна, Олжас Советбекұлы, Назым Жұмабекқызы және Гүлім Талғатқызы – жас өнертапқыштардың қабілетін шыңдауға зор үлес қосты.

Кішкентай қатысушылардың бұл қадамы – болашақта үлкен ғылыми жетістіктерге бастар сенімді жолдың алғашқы белесі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button