Басты жаңалық
Әскери қызметшілерге заң талаптары түсіндірілді

Абай гарнизонына қарасты 44793 әскери бөлімінде әскери қызметшілерге арналған кездесу өтті. Шараның мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру және отбасылық жанжалдың алдын алу.

Кездесуге Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері – полиция майоры Қуаныш Төлеу мен полиция аға лейтенанты Бауыржан Молгаждаров қатысып, жеке құраммен әңгіме жүргізді.

Олар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кешкі уақытта тыныштық сақтау талаптары және интернет-алаяқтардан қорғану жолдары туралы айтты. Заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екені ескертілді.

Кездесу соңында әскери қызметшілер өз сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Мұндай шаралар тәртіпті күшейтіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.



