Абай облысында жол сапасы 1,5 есеге артты: Сапаны бақылауға ЖИ енгізілді.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Абай облыстық филиалы 2026 жылдың басынан бері аймақтағы жол құрылысы мен жөндеу нысандарына кешенді сараптама жүргізуді жалғастыруда. Атқарылған бақылау жұмыстарының нәтижесінде өңірдегі жол сапасы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты.
Сынамалар мен ақауларды жою мониторингі
Филиал мамандары жыл басынан бегі белгіленген 47 нысанға 442 рет шығып, жоспарланған жұмыстарды 100% сапа сараптамасымен қамтыды. Зертханалық тексеруге 1409 сынама іріктеліп алынып, оның 115-і (8%) нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сай келмейтіні анықталды. Бүгінгі таңда талапқа сай емес сынамалардың 34-і қайта қалпына келтірілді.
Сондай-ақ, анықталған 47 ақаулықтың 29-ы (62%) толық жойылған. Қалған ақаулықтар объектілер пайдалануға берілгенге дейін Көлік министрлігі бекіткен арнайы әдістемелік ұсыныстарға сәйкес қалпына келтіріледі.
«2025 жылмен салыстырғанда нормативтерге сәйкес келетін сынамалар саны 1,6 есеге өсіп, анықталған ақаулар 1,3 есеге азайды. бұл жол мердігерлерінің жауапкершілігі мен бақылау талабының күшейгенін көрсетеді», — дейді “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалының директоры, Мейіржан Бауыржанұлы.
Инфрақұрылымды бақылау және зауыттар тексерісі
Филиал мамандары облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп, өңірдегі 22 асфальтбетон зауытын тексеруден өткізді. Онда шығарылатын қоспалардың сапасы тексеріліп, барлық мәліметтер Жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасына енгізілді.



