Басты жаңалықМәдениет

Абайға Шымкент келеді

29-30 қараша күндері облыста Шымкент қаласының мәдениет күндері өтеді.

Шымкенттен келген өнер ұжымдары семейлік көрерменге өз өнерін ұсынбақ.

29 қараша, сағат 11:00-де облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханада жазушы Құлбек Ергөбек және абайтанушы ғалым Ақжол Қалшабектің оқырмандарымен кездеседі.

Сағат 17:00-де Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры өз өнерін ұсынады.

30 қараша, сағат 16:30-да Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрында Шымкент қаласының тарихына негізделген «Көне қала – Шымкент» тақырыптық көрмесі ұйымдастырылады.

17:30-да «Шежірелі Шымкенттен – Ұлы Абай еліне» атты мерекелік кеш өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button