Экология

«Таза Қазақстан»: өңірде 2316 заңбұзушылық тіркелді

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жалғасып жатыр. Негізгі мақсат – елді мекендердің тазалығын сақтау және тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру.


Жыл басынан бері өңірде 2 316 құқықбұзушылық анықталған. Олардың басым бөлігі абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл желектерді бүлдіру және инфрақұрылым нысандарына зиян келтіру бұзушылықтары. Мұндай 2 119 дерек тіркелген. Сонымен қатар, ортақ орындарды ластау бойынша 197 жағдай анықталды.

Көптеген құқықбұзушылықтар бейнебақылау камералары арқылы анықталып отыр. Бұл тәртіп бұзғандарды тез анықтауға мүмкіндік береді.

Полиция қызметкерлері рейдтер өткізіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсат – заңбұзушылықтардың алдын алып, тазалық мәдениетін қалыптастыру.

Полиция департаменті тұрғындарды тазалықты сақтауға және ортақ аумақтарды күтіп ұстауға шақырады. Таза орта — барлығымызға ортақ жауапкершілік.

Back to top button