Басты жаңалық

Қазақстанда картоп экспортына тыйым салынбайды

Ведомствоаралық комиссияның отырысында картоп экспортына уақытша шектеу енгізбеу туралы шешім қабылданды.

Үкіметтің мәліметінше, ішкі нарықтағы баға тұрақтанып, елде жеткілікті қор қалыптасқан. Осыған байланысты картопты шетелге шығаруға тыйым салу қажет емес деп танылды.

Сонымен қатар сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талаптарын жеңілдету жоспарланып отыр. Қазіргі қолданыстағы ережеге сәйкес, квота алу үшін кәсіпорында кемінде 5 мың басқа арналған бордақылау алаңы және жеке ет комбинаты болуы қажет.

Ведомствоаралық комиссия отырысында бұл талаптарды қайта қарау ұсынылды. Бұл шешім Үкімет бекіткен мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес қабылданып отыр.

Жоспар бойынша ірі қара мал санын 7,9 млн бастан 12 млн басқа дейін арттыру, экспорттық әлеуетті күшейту және қазақстандық сиыр етін жаңа нарықтарға шығару көзделген.

Ауыл шаруашылығы министрлігі квота бөлу ережелеріне тиісті өзгерістер енгізетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button