Басты жаңалық
Шорт-тректен Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Дүбірлі дода Монреаль қаласында (Канада) өтеді.
Әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 9 спортшы қорғайды. Олардың қатарында Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Айбек Насен, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева және Ольга Тихонова бар.
Айта кетейік, шорт-тректен Әлем чемпионаты 13–15 наурыз аралығында өтеді.



