Басты жаңалықБілімСпорт
Үржарлық Азияда ел намысын қорғады

Абай облысының Үржар ауданындағы Егінсу орта мектеп-бақшасының 11-сынып оқушысы Дарын Мустафин Азия ойындарында қола медаль иеленді. Бұл туралы Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Байрақты дода Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында балалар мен жасөспірімдер арасындағы аралас жекпе-жек (ММА) спортынан «AMMA» тұжырымдамасы бойынша өтті. Жарысқа 19 мемлекеттен жас спортшылар қатысып, құрлықтың мықтылары өзара бақ сынады.
Дарын Мустафин – жас та болса, халықаралық аренада тәжірибесі мол спортшы. Оның спорттағы жеңістері соңғы жылдары қарқынды өсіп келеді.
Жас спортшының табандылығы мен еңбегі – ауыл жастары үшін үлгі. Оның жеңісі – тек жеке жетістік емес, Үржар ауданы мен бүкіл Абай облысының мақтанышы.



