Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады. Кездесу барысында Президентке компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері және газ саласында жүзеге асырылған негізгі жобалар жөнінде баяндалды.
Әлібек Жамауов Мемлекет басшысына газбен жабдықтау жүйесін дамыту, өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту және газ саласының тиімділігін арттыру бағытында қолға алынған жұмыстар туралы есеп берді. Сонымен қатар жылыту маусымында тұрғындар мен өндіріс нысандарын тұрақты газбен қамтамасыз ету шаралары таныстырылды.
Президент тұрғындар мен өнеркәсіптік ошақтарды үздіксіз газбен қамту ісін жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге, газ саласының ресурстық базасын нығайтуға және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қатысты нақты міндеттер жүктеді.
Қабылданған тапсырмалар газ инфрақұрылымын жетілдіруге, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға және ел экономикасының тұрақты дамуына серпін береді.



