Басты жаңалық

Қазақстанда 700 мың адам бәс тігеді

Қазақстанда құмар ойындарға қызығушылық артып келеді. Сарапшылардың мәліметінше, бүгінде елде шамамен 700 мыңға жуық азамат букмекерлік кеңселер мен онлайн-ставкаларға тұрақты түрде қатысады.

Соңғы жылдары ойын индустриясының көлемі айтарлықтай кеңейген. Қазіргі таңда бұл нарықтың айналымы триллион теңгеден асып, экономиканың ірі сегменттерінің біріне айналып отыр.

Мамандардың айтуынша, құмар ойындар нарығының өсуіне бірнеше фактор әсер етеді. Оның ішінде онлайн-ставкалардың кең таралуы, спорттық бәс тігуге қызығушылықтың артуы және жарнама мен маркетингтің күшеюі бар.

Сонымен қатар сарапшылар лудоманияның, яғни құмар ойынға тәуелділіктің қоғам үшін маңызды әлеуметтік мәселеге айналып бара жатқанын атап өтеді. Осыған байланысты мемлекет бұл саланы реттеу және шектеу шараларын күшейтіп келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button