Абай жастары

Еуропаға билет емес, еңбек апарды

Жаннұр Қайратқызы Мұратқазы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Білім жолын ауыл мектебінен бастады. Ерте жастан кітапқа қызығып, шетелде оқуды мақсат етті. Осы мақсат оны жауапкершілікке және өзін дамытуға жетеледі.


Кейін Жаннұр Семей қаласына келіп, «Зере» жобасы аясында білім алды. Бұл кезең оның тұлға ретінде қалыптасуына әсер етті. Дебат ойындарына қатысып, ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамытты.

Ағылшын тілін терең меңгеруі оған жаңа мүмкіндіктер ашты. Соның нәтижесінде университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасын жеңіп алып, шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды.


Жаннұр үшін Еуропадағы бір семестр ерекше кезең болды. Ол 10 елдің 14 қаласын аралап, бұрын тек кітаптан оқыған жерлерін өз көзімен көріп, танысты.

WSG университетінде білім алып, халықаралық ортада тәжірибе жинады. Сонымен қатар жатақханада квиз ойындарын ұйымдастырып, кейін Быдгощ қаласындағы қазақ студенттерін біріктірген үлкен шара өткізді.


Бұл сапар оған тек білім емес, сенімділік, тәжірибе және жаңа мақсаттар сыйлады.

Жаннұрдың басты мотивациясы – ата-анасы. Әкесінің «жетістік – мінезде» деген сөзі оған өмірлік ұстаным болған. Қандай қиындық болса да, қайта тұрып, алға ұмтылу оның басты қағидасы.


Бүгінде ол жастардың дамуға деген құлшынысына ерекше қуанады. Кітап оқу базалық қажеттілікке айналуы керек деп есептейді.

Ал оның өмірлік миссиясы айқын, елдегі білім сапасын арттыру.

Болашақ ағылшын тілі мұғалімі ретінде Жаннұр әр оқушыға бағыт-бағдар беріп, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етеді.

«Армандауды тоқтатпаңдар. Және сол арман үшін соңына дейін күресіңдер», – дейді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button