Басты жаңалық

Семейде 200 түп ағаш отырғызылды

Семей қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ағаш отырғызу акциясы өтті. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, қала тұрғындары және жастармен бірге Қарағайлы ықшам ауданында көшет отырғызу рәсіміне атсалысты.

Аталған шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысуымен өткен телекөпірден кейін ұйымдастырылды.

Шара барысында биіктігі 3,5–4 метр болатын 200 түп ағаш егілді. Оның ішінде 60 түп алма, 60 түп шаған және 80 түп қарағаш бар. Экологиялық акцияға 500-ден астам тұрғын қатысып, қаланың жасыл желегін арттыруға өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында қалада ауқымды көгалдандыру жұмыстары басталды. Жалпы алғанда, 2200 түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Аталған шара – қоршаған ортаны қорғау, қаланы көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Басқа жаңалықтар

Back to top button