Басты жаңалық

Байқоңырдан тарихи ұшырылым

Байқоңыр ғарыш айлағы аумағында «Бәйтерек» кешені арқылы «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышының алғашқы сынақ ұшырылымы сәтті өтті. Бұл – Қазақстанның ғарыш саласындағы стратегиялық жобаларының іске аса бастағанын көрсететін маңызды кезең.

Сынақ барысында зымыранның екі сатысы қалыпты режимде жұмыс істеп, жүктеме есептелген орбитаға шығарылды. Нәтижесінде кешеннің техникалық дайындығы мен сенімділігі расталды.

«Бәйтерек» жобасы ұлттық ұшыру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Кешенде басқару, жанармай құю және қауіпсіздік жүйелері жаңартылып, ұшу алдындағы үдерістердің жоғары деңгейде автоматтандырылуы қамтамасыз етілген.

«Союз-5/Сұңқар» зымыраны төмен жер орбитасына 17 тоннаға дейін жүк жеткізе алады. Қуатты қозғалтқыштармен жабдықталған және экологиялық қауіпсіз отын түрін қолданады.

Жобаны іске асыру Қазақстанның ғарыш қызметіндегі мүмкіндіктерін кеңейтіп, саланың технологиялық дамуына серпін береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button