Басты жаңалық

Аймаққа 3,5 трлн теңге инвестиция тартылды

Абай облысында бизнесті қолдау мен инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

 Жыл басынан бері өңірде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың саны 29-дан 97-ге дейін артты. Тартылған инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде 50 жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген.

Ірі инвестициялық жобалардың бірі – көлемі 577,5млрд. теңгені құрайтын жалпы ұзындығы 297,5шақырым «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы.

Өнеркәсіп саласында жалпы құны 480 млн АҚШ долларын құрайтын «Алтын өндіру фабрикасын салу» жобасы қолға алынды.  

 Биыл жалпы сомасы 25,9 млрд. теңгеге 453 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 14 жобаны іске асыру жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button