Басты жаңалық
Seitkhan cup Семейде басталды

Семейде спорт журналистикасының аңызы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир басталды. Биыл алғаш рет туған жерінде өтіп жатқан додаға еліміздің түкпір-түкпірінен БАҚ өкілдері жиналды.
«Спартак» стадионында ұйымдастырылған «Seitkhan cup» турниріне 12 команда қатысып жатыр. Олардың қатарында Qazaqstan TV, Хабар, Kazmedia, Setanta және өңірлік медиа командалар бар.
Дәстүрлі турнир 2022 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұған дейін Алматыда ұйымдастырылған жарыс биыл алғаш рет Алаштың астанасы – Семейде өтіп отыр.
Амангелді Сейітхан қазақ спорт журналистикасын жаңа деңгейге көтерген танымал комментатор ретінде ел жадында қалды.



