Басты жаңалық
Абай қырандары бәрін артта қалдырды

Аймақ басшысы халықаралық жарыста жүлде алған «Абай қырандары» клубының мүшелерімен кездесті.

Жас сарбаздар Өзбекстандағы «Vatanparvarlar» жарысында Қазақстан атынан қатысып, жалпы есепте ІІ орын алды.

Олар эстафета мен арқан тартудан І орын, бірнеше сайыстан ІІ орын, ал алғашқы медициналық көмек көрсетуден ІІІ орын иеленді.

Әкім оларды жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.

Шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.



