Басты жаңалық
Аягөздің ауыз су жүйесі жаңарады

Биыл облыста ауыз су саласына қатысты 33 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 15-і өтпелі, 18-і жаңа жобалар. Бұл мақсатқа 16,7 млрд теңге бөлінген. Жыл соңына дейін Байқошқар, Қорық және Ай (Мыңбұлақ) ауылдарының 2 мың тұрғыны толыққанды таза ауыз суға қол жеткізеді.
Облыс бойынша су желілерінің жалпы ұзындығы 3 687,9 шақырымды құрайды, оның 44,1%-ы тозған. Аягөз ауданында бұл көрсеткіш – 261,5 шақырым, тозу деңгейі – 65,4%.
Инфрақұрылымды жаңарту мақсатында облыста 36 жоба іске асырылуда. Оның бірі – Аягөз қаласының ескірген су құбырларын кезең-кезеңімен ауыстыру. Биыл бұл жұмыстарға 1,5 млрд теңге бағытталған.



