Абай облысының экономикасына 232 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды: өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң өсімді көрсетті

Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген әкімдік отырысында өңірдің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жан-жақты сараланып, негізгі салалардағы атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар жиында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының өңірде іске асырылу барысы қаралды.
Кеңеске облыс әкімінің орынбасарлары, аудан және қала әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, аумақтық мемлекеттік органдардың жетекшілері және жауапты сала мамандары қатысты.
Экономиканың барлық негізгі саласында өсім қамтамасыз етілді
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баяндама жасап, өңір экономикасының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.
Оның айтуынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,7 пайызға өсіп, өңір экономикасының тұрақты даму үрдісі сақталған.
Сонымен қатар облыстың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 4,2 пайызға жетіп, негізгі салалардың басым бөлігінде оң динамика қалыптасты.
Атап айтқанда:
Бұл көрсеткіштер өңір экономикасының әртараптандырылып келе жатқанын және негізгі өндірістік секторлардың тұрақты дамып отырғанын көрсетеді.
Облыс бюджетінің кірісі жоспардан асты
Жиында мемлекеттік қаржының орындалу барысына да ерекше назар аударылды.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс бюджетіне 81,3 миллиард теңге түседі деп жоспарланған болатын. Нәтижесінде бюджетке 82,8 миллиард теңге кіріс түсіп, жоспар 1,5 миллиард теңгеге артығымен орындалды.
Ал бюджет қаражатын игеру деңгейі 99,7 пайызды құрады.
Мамандардың айтуынша, мұндай нәтиже қаржыны тиімді жоспарлау мен бюджеттік бағдарламалардың уақтылы орындалуының арқасында мүмкін болған.
Өңірге 232 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды
Әкімдік отырысында инвестиция тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Биылғы жылдың алғашқы алты айында облыс экономикасына 232,3 миллиард теңге инвестиция тартылды.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123,2 пайыздық өсімді көрсетеді.
Аталған көрсеткіш бойынша Абай облысы республика өңірлері арасында төртінші орынға көтерілді.
Бұдан бөлек, өңірге жеке инвестиция тарту жұмыстары айтарлықтай жанданды.
Егер 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында жеке инвестициялардың өсімі 85 пайыз болса, биыл бұл көрсеткіш 151,4 пайызға дейін жетті.
Ал тартылған жеке инвестиция көлемі 205,6 миллиард теңгені құрады.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77,5 миллиард теңгеге артық.
Соның нәтижесінде жалпы инвестиция көлеміндегі жеке инвестициялардың үлесі 72 пайыздан 88,5 пайызға дейін өсті.
Мамандар мұны инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасаудың және инвестициялық саясаттың тиімді жүргізілуінің нәтижесі ретінде бағалап отыр.
Жаңа тұрғын үйлер салынып, инвестициялық жобалар іске қосылды
Өңірде тұрғын үй құрылысы да тұрақты өсім көрсетуде.
Жыл басынан бері 128,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 мың шаршы метрге артық, ал өсім қарқыны 104,5 пайызды құрады.
Сонымен қатар бірінші жартыжылдықта жалпы құны 34,6 миллиард теңге болатын 14 инвестициялық жобаіске қосылды.
Аталған жобалардың нәтижесінде облыста 598 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
Бұл өндіріс көлемінің ұлғаюына ғана емес, халықты жұмыспен қамтуға және тұрғындардың табысын арттыруға оң әсерін тигізуде.
Аудан және қала әкімдерінің жұмысы рейтинг арқылы бағаланды
Әкімдік отырысында алғаш рет аудан және қала әкімдерінің қызметінің бірінші жартыжылдықтағы нәтижелері арнайы рейтингтік жүйе арқылы қорытындыланды.
Бағалау жүйесі 83 индикаторды қамтитын 10 негізгі блоктан тұрады.
Рейтинг барысында инвестиция тарту, өнеркәсіп өндірісі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, бюджеттің орындалуы, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, әлеуметтік көрсеткіштер және басқа да маңызды бағыттар ескерілді.
Қорытынды бойынша:
Ал рейтингтің төменгі бөлігінде:
Төмен көрсеткіш көрсеткен әкімдерге нақты тапсырмалар берілді
Жиын барысында облыс әкімі Берік Уәли рейтингтің төменгі сатысында тұрған Ақсуат және Көкпекті аудандарының, сондай-ақ Курчатов қаласының әкімдерінің есептерін тыңдады.
Аймақ басшысы оларға экономиканың негізгі салалары бойынша жұмысты күшейтіп, жоспарланған көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Атап айтқанда:
Берік Уәли: «Әрбір көрсеткіштің артында халықтың әл-ауқаты тұр»
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі бірінші жартыжылдықтың нәтижелері жалпы оң болғанымен, бірқатар бағыттарда жұмысты күшейту қажеттігін айтты.
«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелер қалыптасқанымен, бүгін қаралған мәселелер бірқатар бағыттарда жұмысты күшейту қажеттігін көрсетті. Ең алдымен, әрбір басқарма басшысы мен қала, аудан әкімдері бірінші жартыжылдықтың қорытындысынан нақты нәтиже шығаруы қажет. Біз бүгін орын алған кемшіліктерді жай ғана атап өтумен шектелмеуіміз керек. Әрбір көрсеткіштің артында нақты экономика, нақты өндіріс, жаңа жұмыс орындары және халықтың әл-ауқаты тұр. Жыл қорытындысына дейін барлық жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету – барлығымыздың ортақ міндетіміз», – деді Берік Уәли.
Жоспарлы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жауапкершілік қаралады
Әкімдік отырысының қорытындысында облыс әкімі өзінің орынбасарларына, басқарма басшыларына, қала және аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Олардың қатарында:
Берік Уәли тоғыз айдың қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындамаған басқарма басшылары мен әкімдердің қызметіне жеке баға беріліп, олардың жауапкершілігі қаралатынын қатаң ескертті.
Аймақ басшысы өңірдің тұрақты экономикалық өсімін сақтау үшін барлық мемлекеттік органдар үйлесімді жұмыс істеуі керектігін атап өтіп, әрбір сала нақты нәтижеге бағытталуы тиіс екенін жеткізді.



