Басты жаңалық

«Адам саудасы – ауыр қылмыс!»: Қазақстанда республикалық ақпараттық науқан басталады

Бүгінде халықаралық қылмыстық топтар цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланып, азаматтарды табысы жоғары жұмыспен арбау арқылы адам саудасының тұзағына түсіруде. Қазіргі заманғы адам саудасы тек мәжбүрлі еңбек немесе жыныстық қанаумен шектелмейді — адамдарды киберқылмысқа, алаяқтыққа және басқа да заңсыз әрекеттерге жегу жағдайлары жиілеген.

Осы қауіптің алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 24–30 шілде аралығында «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты республикалық ақпараттық науқанын өткізеді. Науқан аясында еліміздің барлық өңірінде тұрғындармен кездесулер, консультациялар мен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кету керек, 30 шілде – БҰҰ бастамасымен атап өтілетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні. Биыл бұл күн «Алаяқтық тұзағында» ұранымен өтіп, назарды зардап шеккендерді онлайн-алаяқтыққа мәжбүрлеу мәселесіне аударады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button