Басты жаңалық
Қазақстандықтардың 76%-ы еңбек адамына құрмет көрсетуді маңызды құндылық деп санайды
Еңбек күні қарсаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov платформасында жұмысшы мамандықтарына қатысты сауалнама жүргізді. Оған 1 305 адам қатысты.
Нәтижеге сәйкес, респонденттердің 76,2%-ы еңбек адамына құрмет көрсетуді маңызды қоғамдық құндылық деп бағалаған.
Қазақстанның дамуы үшін ең маңызды мамандықтар қатарында құрылысшылар – 20,3%, ауыл шаруашылығы қызметкерлері – 16,7%, өнеркәсіп өндірісінің мамандары – 14,8% және электр мамандары – 14,4% көрсеткішпен аталды.
Қатысушылардың 47,7%-ы еңбек адамдарының қоғамдағы жағдайына және осы бағытта қабылданып жатқан шараларға көңілі толатынын айтқан. Ал 41,2%-ы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру үшін қосымша шаралар қажет деп есептейді.



