Басты жаңалық
Қазақстан Президенті Бавария Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Баварияның технологиялық табыстары мен Қазақстанның ресурстық және өнеркәсіптік әлеуетін біріктіруге айтарлықтай мүмкіндік бар.
✔️Елдеріміздің экономикалық ықпалдастығын жандандырып, халықтарымызды бір-біріне жақындата түсуде көлік байланыстарын жақсартудың да маңызы зор.
✔️Премьер-министр Маркус Зёдер жаңа өсім бағыттарын іздеуге айрықша мән беретін Бавария Қазақстанмен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
✔️Сондай-ақ ол елімізде табысты жұмыс істеп жатқан бавариялық компанияларға көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді.



