Батпақты – қоныс аударуға қолайлы ауыл

Өңірде жүзеге асырылып жатқан «Қаладан ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге көшуге ниетті азаматтарға нақты мүмкіндіктер ұсынылуда. Солардың бірі – табиғаты көркем әрі әлеуеті жоғары Батпақты ауылы.
Барқытбел тауының баурайында орналасқан ауыл таза ауасымен, шипалы суымен және кең жазық даласымен ерекшеленеді. Бұл – тыныш әрі жайлы өмір сүруге қолайлы мекен.
Ауылда ауыл шаруашылығын дамытуға барлық жағдай жасалған. Құнарлы жайылым және шабындық жерлер, дәнді дақылдар егуге қолайлы алқаптар бар. Мұнда бидай, сұлы, арпа, жүгері, күнбағыс өсіруге болады. Сонымен қатар бау-бақша өсіруге де мүмкіндік мол. Жеміс-жидек пен көкөністің көптеген түрін өсіруге жағдай қарастырылған.
Жоба аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Әр отбасы мүшесіне 70 АЕК көлемінде біржолғы төлем беріледі. Тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін 15–30 АЕК қарастырылған. Сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 4 миллион теңге көлемінде экономикалық ұтқырлық сертификаты ұсынылады.
Қоныс аударушыларға егістік, жайылым және шабындық жерлер беріледі. Сонымен қатар ауылда мектеп пен амбулаторияда жұмыс орындары бар.
Батпақты – жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, еңбек етіп, тұрақты өмір сүруге қолайлы ауыл.
Қоныс аударуға ниетті азаматтар келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласа алады:
Ауыл әкімі: +7 771 241 77 77
Мектеп директоры: +7 702 312 50 66



