Басты жаңалық

«Полигон-21» ҚБ Абай облысындағы қоғамдық ұйымдармен меморандумға қол қойды

Абай облысында Полигон-21 қоғамдық қозғалысы өңірдегі бірқатар қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың өзара іс-қимылын нығайтып, ортақ әлеуметтік маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған.

Меморандум аясындағы басты мақсат – Семей ядролық полигонына қатысты өзекті проблемаларды күн тәртібіне шығару арқылы экология, инфрақұрылым және халықтың әлеуметтік әл-ауқатына байланысты мәселелердің тиімді шешімдерін табу. Тараптар бұл бағытта қоғамдық бақылауды күшейтіп, сараптамалық және ақпараттық жұмыстарды бірлесе жүргізуді көздейді.

Құжатқа сәйкес, тараптар экологиялық қауіпсіздік, тұрғындардың өмір сапасын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік бастамаларды қолдау бағытында бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты.

«Бірлескен жұмыс тұрғындардың игілігі үшін және мәселелерді шешудің ашық тетігін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай қадам азаматтық қоғам, кәсіпкерлер мен қоғамдық құрылымдардың ресурстары мен тәжірибесін біріктіріп, нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деді «Полигон-21» ҚБ басшысы Марат Құрманбаев.

Аталған меморандум Абай облысында азаматтық қоғам институттарының өзара ықпалдастығын күшейтіп, өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешуге жол ашады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button