Басты жаңалықЗаң

Семейде бойжеткенді аңдыған әйелдің ісі сотқа жолданды

Семей қаласында бойжеткенді бейтаныс әйел қорқытып, артынан ерген оқиға бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде кең тарап, қоғам назарын аударған еді.

Жағдай 25 қаңтар күні таңғы сағат 03:21-де Қарағайлы ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Подъезге кірмек болған қыздың артынан іле-шала белгісіз әйел еріп, дөрекі сөздер айтып, жанжал шығарған. Бойжеткеннің айтуынша, ол алдымен бейтаныс адамды бірінші кіргізбек болған, алайда әйел бас тартып, қысым көрсете бастаған.

Қорыққан қыз туысына хабарласып, көмек шақырған. Кейін қауіптеніп, камера қосып түсіре бастаған сәттен бастап бейтаныс әйелдің мінез-құлқы күрт өзгергені видеода байқалады. Аталған жазба әлеуметтік желілерде тез тарап, құқық қорғау органдарының назарын аудартты.

Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, іс материалдары сот қарауына жолданды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, құқықтық баға берілетінін хабарлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button