Абай жастары

Туған жерде қызмет ету үлкен мәртебе

Елімізде әскери қызметті өмірлік мамандық ретінде таңдаған жастар қатары көбейіп келеді. Бұл үрдіс Абай гарнизонына қарасты 11098 әскери бөлімінде де байқалады. Мұнда мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген бірқатар сарбаз келісімшарт негізінде әскери қызметте қалуға шешім қабылдаған.

Солардың бірі – кіші сержант Ерзат Қабдырманапов. Кеше ғана мерзімді қызметін өткерген сарбаз бүгінде осы бөлімде кәсіби әскери қызметші ретінде еңбек етіп келеді.

-Мерзімді қызмет барысында әскери өмірдің маған жақын екенін түсіндім. Сондықтан келісімшартқа отыруды жөн көрдім. Әскери қызметшілерге мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау қарастырылған. Оның ішінде тұрғын үй төлемдері мен кредиттік каникулдар бар, – дейді Ерзат Қабдырманапов.

Ерзат Семей қаласының тумасы. Өз туған жерінде қызмет ету де оның таңдауына әсер еткен.

– Семейде туып-өстім. Отбасым осында. Сондықтан туған жерде қызмет ету мен үшін ыңғайлы, – дейді кіші сержант.

Келісімшарт негізіндегі әскери қызмет тұрақты жұмыс. Мемлекет әлеуметтік кепілдіктер береді. Кәсіби өсуге де жол бар. Бұл Отанға қызмет етуді таңдаған жастар үшін үлкен мүмкіндік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button