Басты жаңалық

«Қаладан – ауылға»: өңірде жаңа бағдарлама іске қосылады

Абай облысында ауылды дамытуға бағытталған «Қаладан – ауылға» атты жаңа пилоттық жоба іске қосылады. Бұл бастама аймақ басшысы Берік Уәлидің ұсынысымен қолға алынған.

Жоба қала тұрғындарын ауылға көшіру, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауыл халқының тұрмысын жақсартуды көздейді. Қатысушыларға үй алу, мал шаруашылығын бастау және кәсіп ашу үшін жеңілдетілген несие ұсынылады. Шетелден көшіп келетін қандастарға да қолдау көрсетіледі.


Ауыл тұрғындары да бұл бастаманы қолдап отыр. Мәселен, Абай ауданындағы Медеу ауылы көшіп келетін отбасыларға баспана, мал беріп, жұмыс ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Жоба 20 ақпанда Семей қаласында өтетін Ауыл әкімдерінің форумында ресми түрде таныстырылады. Облыс басшылығы ауылға көшіп, шаруашылықпен айналысамын деген азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button