Басты жаңалық

Абай облысында жедел жәрдем станциясына жаңа санитарлық автокөліктер табысталды

Семей қаласында Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына» 10 жаңа санитарлық автокөліктің кілті салтанатты түрде табысталды. Шара Орманды көшесі, 32/1 мекенжайында өтті.

Бұл көліктер 2025 жылы жүзеге асырылған «Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдары үшін санитарлық автокөлік сатып алу» жобасы аясында алынған. Жоба «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп, облыстық бюджет қаражаты есебінен лизингтік қаржыландыру арқылы іске асырылды. Жалпы 100 санитарлық автокөлік сатып алынып, оның алғашқы 10-ы өңірдегі жедел жәрдем қызметіне берілді.

Жоба шеңберінде Hyundai, JAC және «Газель» маркалы санитарлық автокөліктер алынған. Оның ішінде 67 көлік Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына, ал 33 көлік аудандық медициналық ұйымдарға кезең-кезеңімен жеткізіледі.

Салтанатты шара барысында Абай облысының әкімі Берік Уәли құттықтау сөз сөйлеп, денсаулық сақтау саласын дамыту өңір басшылығының тұрақты назарында екенін атап өтті. Оның айтуынша, атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы тұрғындарға жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған.

Жаңа санитарлық автокөліктер жедел жәрдем қызметінің мүмкіндігін кеңейтіп, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button