Басты жаңалық
Төтенше жағдай болса қайда барамыз?

Аймақта төтенше жағдай болса, халықты уақытша орналастыру үшін 338 қабылдау пункті белгіленген. Онда жалпы 81 766 адам орналаса алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері атап өтті.
Қазір 338 пункттің 242-сі толық дайын. Генераторлар, төсек-орын, жиналмалы кереуеттер және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қалған 96 пункте дайындық жүріп жатыр.
Пункттердің мекенжайы Яндекс Карта мен 2GIS-ке енгізілген. Ақпарат әлеуметтік желілер мен ресми сайттарда жарияланды.



