Басты жаңалық

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша талдау жүргізілді

Абай облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселесі талқыланды

Мемлекеттік басқарудағы ашықтықты қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу – бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін бағалау мақсатында Абай облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиынға облыс әкімі Берік Уәли төрағалық етті. Отырысқа аудан және қала әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Кездесу барысында өңірде жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді және тақырыптық мониторингтердің нәтижелері қаралды. Сонымен қатар квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтердің жұмысына жүргізілген талдау қорытындылары ұсынылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен анықталған мәселелерге тоқталды.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтау, алдын алу шараларын күшейту және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Отырысты қорытындылаған облыс әкімі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарына заң талаптарының орындалуын бақылауды күшейтіп, профилактикалық жұмыстарға басымдық беру жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button