Басты жаңалық
Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау азаматтарды қабылдау орталығында өтті. Іс-шараға бөлім басшылары, «Отбасы банк» және коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй саласы, жол жөндеу, абаттандыру, жылумен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және жер телімдеріне қатысты мәселелерді көтерді. Әр өтініш жеке қаралды.
Қала басшысы азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Мәселелерді шешу жолдарын заң аясында түсіндірді. Жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Көтерілген сұрақтар бақылауға алынды.



