Басты жаңалық

Семейде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай «Айбын! Рух! Ерлік!» атты кездесу кеші өтті. Шара Балалар және жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылды.

Шараға Ауған соғысының ардагерлері, әскери бөлім қызметкерлері және Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер лицейінің тәрбиеленушілері қатысты.


Кездесуде соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлер еске алынып, ардагерлер өз естеліктерімен бөлісті. Олар жастарға бейбіт өмірдің қадірін бағалап, елін сүю керектігін айтты. Оқушылар да өз сұрақтарын қойып, еркін әңгіме өрбіді.

Кеш соңында қонақтар ән тыңдап, оқушылардың өнерін тамашалады. Сонымен қатар соғыс тақырыбына арналған кітап көрмесі таныстырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button