Басты жаңалық

Жаңа Конституцияда отбасы институтына мән беріледі

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева жаңа Конституция жобасында некені ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде бекіту ұсынылғанын айтты.

— Неке тек ерікті болуы керек және міндетті түрде мемлекетте тіркелуі тиіс. Бұл әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтіп, мәжбүрлі некеге жол бермеуге құқықтық негіз болады, — деді ол.

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтіп, қоғамның сенімін арттыратын нормаларды да қамтиды. Құжат экономика, инвестиция, білім мен инновацияны дамытуға да құқықтық негіз қалыптастырады.

— Жаңа Ата заң азаматтардың құқықтарын қорғаумен қатар, бір палаталы парламент пен Халық кеңесі арқылы халықтың мемлекет ісіне қатысуына мүмкіндік береді. Конституцияда халық мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде бекітіліп, адам құқықтары басты басымдық болып қала береді, — деді Гүлқасима Сүйінтаева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button