Басты жаңалық

150 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Абай облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару қарқынды жүріп жатыр. 2025 жылға жоспарланған 170 мың гектардың 151 мың гектары қайтарылып, 423 жер учаскесі мемлекет иелігіне өтті. Оның ішінде 129,8 мың гектар – жайылым, 13,4 мың гектар – егістік жер.

Президент тапсырмасына сай қазір облыс бойынша 587,3 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Биыл облыстық департамент 44 тексеру жүргізіп, 61 заңбұзушылық анықтаған. Нәтижесінде 56 тұлғаға әкімшілік ескерту беріліп, қосымша салық салу жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар аймақ басшы жауапты тұлғаларға 2026 жылдың шілдесіне дейін қосымша 481,5 мың гектар жер айналымға енгізуді міндеттеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button