Басты жаңалық

Печенье де, құрылыс қоспасы да – Семейден

Аймақ басшысы Семейдегі өндіріс орындарын аралады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Алдымен өңір басшысы «KONDIZ» ЖШС-не барды. 2013 жылы іске қосылған кондитерлік фабрика бүгінде еліміздегі алда келе жатқан кәсіпорындардың бірі. Мұнда 200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


Кәсіпорын кондитерлік және макарон өнімдерін өндіреді. Жылдық қуаты 22 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда зауытта 100-ден астам түрлі печенье шығарылады. Өнімдер ішкі нарықпен қатар Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Грузия және Қытайға экспортталады.


Сондай-ақ Берік Уәли «Alina Group» ЖШС филиалының жұмысымен танысты. Бұл құрылыс индустриясындағы ірі отандық холдингтердің бірі. Семейдегі кәсіпорын өңірді құрғақ құрылыс қоспалары мен әрлеу материалдарымен қамтамасыз етіп отыр.


Кәсіпорын 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі таңда мұнда 398 адам еңбек етеді. Өндірістік қуаты айына 24 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді, ал шикізатты өңдеу көлемі 10 мың тоннаға жетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button