Мәдениет
Абайда таланттар шеруі басталды

Аймақта дәстүрлі «Абай елі – өнер кеніші» атты көркемөнерпаздар байқауының іріктеу кезеңі басталды. Шараны облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырып жатыр.

Байқаудың алғашқы кезеңі 20 сәуір күні Мақаншы аудандық Мәдениет үйінде өтті. Өнерпаздар көрерменге арнайы дайындаған концерттік бағдарламаларын ұсынып, өз шеберліктерін көрсетті.

Өнер додасы алдағы уақытта облыстың өзге аудан-қалаларында жалғасады.

Қазылар алқасының шешімімен іріктеуден өткен үздіктер облыс орталығында өтетін гала-концертке жолдама алады. Ал жеңімпаз аудан облыс әкімі атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.



