Мәдениет

Тарихты арқалаған ер-тоқым

Абай әулетінің тарихында сақталған ең әсем бұйымдардың бірі — Әйгерімнің ер-тоқымы. Көзге бірден түсетіні толықтай күміспен көмкеріліп, ұлттық ою-өрнекпен әшекейленген. Үзеңгісі, таралғысы, тарпасы, тіпті өмілдірік-құйысқанына дейін күміспен қапталып, нағыз зергерлік шеберлікпен жасалған.

Тоқымы қалың былғарыдан. Тебінгінің ұшына қос қатар ақ түсті металдан салынған өрнектер бұйымға ерекше сән береді. Ал ердің алдыңғы және артқы қастары түгелдей күміспен күптеліп, шегелермен бекітіліп, үш түрлі асыл тастармен безендірілген. Бір қарағанда-ақ, иесінің мәртебесін танытатын өте сәнді ер-тоқым екенін аңғаруға болады.

Бұл әсем бұйым 1928 жылы Тұрағұл Абайұлының мал-мүлкімен бірге тәркіленіп, қазынаға алынған. Десе де, тарихи толқулардан аман қалып, бүгінде Абай мұражайында арнайы орынға қойылып, келушілерге сол дәуірдің сәні мен шеберлігін паш етіп тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button